Біздің балабақша экологиялық мәдениетті және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған "Жасыл апта" республикалық экологиялық челленджіне белсенді қатысты
Апта бойы тәрбиеленушілер педагогтармен бірге түрлі іс шараларға қатысты:
- табиғат және оның сақталуы туралы әңгімелесті
- экологиялық ойындар мен акцияларға қатысты
- қоқысты сұрыптауды үйренді ️ ️
- шығармашылық тапсырмалар мен жобаларды орындады
Балалар іс-шараларға қызығушылықпен қатысып, бастамашылық, табиғатқа қамқорлық және қоршаған әлемнің тазалығын сақтауға ұмтылды.
"Жасыл апта" балаларға жаңа білім мен жағымды эмоциялар сыйлай отырып, жақсылық, жауапкершілік және экологиялық тәрбие атмосферасында өтті.











