24.11. 2022 жылы топта «Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы әлеуметтік-мәдени нормалармен, отбасы, қоғам және мемлекет дәстүрлерімен таныстыру» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 8 ата-ана қатысты. Кездесуде оқушылардың отбасылық дәстүрлерін білу мақсатында «Ақылды микрофон» белсенді әдісін қолдандық. Баяндама арқылы ата-аналарды жалпыадамзаттық құндылықтармен таныстырдық, сонымен қатар «Аялдама» әдісі арқылы «Өрнекті құрастыр», «Өрнекті боя», «Өрнекті тауып көрсет» ойындарын ойнадық.
Кездесу соңында «Бас бармақ» рефлексиясы өткізілді. Ата-аналар өздерін бала сияқты сезінді.

















