Жыл сайын 4 маусымда атап өтілетін Мемлекеттік рәміздердің туған күні - барлық қазақстандықтар үшін маңызды күн. ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№10 «Колокольчик» балабақша-бөбекжайы» КМҚК мемлекеттік рәміздер мерекесіне орайластырылған іс-шаралар өтті. Тәрбиешілер балалармен тақырыптық әңгімелесулер өткізіп, бейнеленген альбомдарды қарап, «Мемлекеттік рәміздер - Тәуелсіздіктің рухани құндылығы» атты бейне-слайдты тамашалады. Ұстаздар Мемлекеттік рәміздер - патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік сияқты рухани ұғымдардың тірі көрінісі екенін атап өтті. Бұл біздің қадір-қасиетіміз, біздің мақтанышымыз және рухани құндылықтарымыз, халқымыздың басын біріктіретін нәрсе! Барша қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз!!!
Мемлекеттік рәміздер - Тәуелсіздіктің рухани құндылығы

















