Бүгін, 03.10.2023, біздің команда ШҚО бойынша ҚР Теннис федерациясы ұйымдастырған "Теннис 10-ға дейін" бағдарламасы бойынша ҰБТ теннис фестивалінің турниріне қатысты. Кездесу барысында балалар алдында қолшатырлары бар хореографиялық ансамблі өнер көрсетті. Ұйымдастырушылар флеш моб жыттығуын өткізді. Содан кейін әр команда кортқа шақырылды, онда балалар тәжірибелі жаттықтырушылардың жетекшілігімен теннис дағдыларын игерді. Мереке соңында балалар көңілді старттарда жарысты. Фестивальдің барлық қатысушыларына грамоталар мен сыйлықтар – теннис торы, доптар, ракеткалар табыс етілді. Іс-шара жоғары деңгейде өтті, балалар керемет сергектік пен жағымды эмоциялар теңізіне ие болды. ШҚО бойынша ҚР теннис федерациясына рахмет!!!
Теннис 10-ға дейін

















