Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасыбойынша білім бөлімінің «№10 «Колокольчик» балабақша-бөбекжайы» КМҚК
0
Педагогтардың ұйымдастырылған іс-әрекетте және режимдік сәттерде қазақ тілін қолдануы

28.09.2023 жылы ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "№10 "Колокольчик" балабақша-бөбекжайы" КМҚК қазақ тілі оқытушысы А.С. Нургазина педагогтармен "Педагогтардың ұйымдастырылған іс-әрекетте және режимдік сәттерде қазақ тілін қолдануы" атты кеңес өткізді. Айна Сексенбаевна  мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ тілін оқыту процесін тиімді етуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ педагогтар үшін өзін-өзі тәрбиелеудің жаңа мүмкіндіктерін ашатын қызықты жұмыс тәсілдерін ұсынды. Мұғалімдер балалармен жұмысты ұйымдастыруды жоспарлауға көмектесетін жадынамалар алды.